Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Абдуллина Байбекпен бір мектепте оқыған жылдарын еске алды

Танымал әнші Карина Абдуллина бір кездері Бауыржан Байбекпен бір мектепте оқығанын айтты. Әнші оқушы кезінде Байбек екеуінің талмай-тынбай еңбек еткендерін атап өтті.

Балалық шақтың естелігімен Абдуллина Instagram-да бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бір кездері біз Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқыдық, бүкіл қаланы айналып автобуспен жүретінбіз. Біздің мектеп жалпыға бірдей білім беретін әрі музыкалық мектеп болғандықтан, үйге кеш қайтатынбыз. Мектеп жылдарында талмай-тынбай еңбек етіп, мақсатымызға қарай талпындық. Бүгінде Бауыржан Байбек – Алматының әкімі, ал мен танымал әншімін. Мұндағы мораль: Төзімділік пен еңбек барлығын жеңбек!” – деп жазды Абдуллина.

Әнші Бауыржан Байбекпен іскерлік кездесуде болғанын атап өтіп, оның саяси аренадағы қызметіне сәттілік тіледі.

“Кездескеніме қуаныштымын. Сүйікті қаламыздың әкімі қызметінде табыс тілеймін”, – деп ақжарма тілегін жеткізді ол.

Жіберіп алмаңыз:

“Қалаулым” бағдарламасын жақтаған Қарақат Әбілдина сынға ұшырады

Шалғай ауылда тұратын қазақ баласына шетел әншісі ұсыныс жасады

Ретро стильде би билеген отандық жұлдыздар жұртты күлдірді (видео)

Арман мен Аша екінші рет “үйленіп”, той жасады (видео)

 

Талқылау