Кәрім Мәсімовпен бірге сотталған ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Осипов бостандыққа шықты
Қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы орынбасары Кәрім Мәсімовпен бірге сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Осипов түрмеден босап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nege.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: qq22.tilda.ws
“Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі Марат Осипов бостандыққа шықты”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары: Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Осипов 2022 жылғы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деген айыппен сотталған болатын.
Аталғандардың арасында Марат Осипов тергеуге көмектескені үшін ең қысқа мерзімді жаза (3 жыл) алған еді. Жазасының көп бөлігін өтеген бұрынғы қауіпсіздік қызметкері жазаның қалған бөлігін айыппұлмен алмастырып, бостандыққа шықты.
Бұған дейін Кәрім Мәсімов пен олардың орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"