Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов пен олардың орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі де ұзартылған. 

"Мәсімов пен Сәдіқұловты қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін, Ерғожиннің қауамда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылды", – делінген хабарламада.

Бұнымен қоса ҰҚҚ төрғасының бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы материалдар прокуратураға жіберілді.

Күдіктілер тергеу изоляторында отыр.

ҰҚК тергеу тобы Мәсімовті және басқа да тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тергеп жатқанын түсіндірді:

- 366-баптың 4-бөлігі – "Пара алу";

- 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану";

- 175-баптың 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау";

- 179-баптың 3-бөлігі – "Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер";

- 218-баптың 3-бөлігі – "Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану".

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған.

Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша да тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ Мәсімовтің үйінен  17,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша мен көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары тәркілеуге алынған.

Сонымен қатар Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн АҚШ доллары алынып, оған да тыйым салынған.

Бұған дейін бас прокуратура Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының кінәлары дәлелденсе 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан.

Талқылау