AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов пен оның орынбасарлары неше жылға сотталуы мүмкін – Бас прокурор айтты

Мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша қамауға алынған Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының кінәлары дәлелденсе неше жылға сотталуы мүмкін? Бұл жөнінде бас прокурор айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынды, сот органдары бағасын беретін болады. Қылмыстық кодексте 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу шаралары әлі күнге дейін жалғасып жатыр", - деді прокурор Берік Асылов. 

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.



Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған.

Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша да тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ Мәсімовтің үйінен  17,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша мен көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары тәркілеуге алынған.

Сонымен қатар Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн АҚШ доллары алынып, оған да тыйым салынған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр