Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгерді
18 жылға бас бостандығынан айырылған Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық сотының дерегіне сүйенсек, бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарларына қатысты сот үкімі өзгерген. Яғни олар қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесіне қамалмайды.
“Аппеляциялық сот шешімімен К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін мекеменің жазасын ең жоғары мекемеден орташа қауіпсіздікке өтеу бөлігінде өзгертті”, - делінген ақпаратта.
Жазаның қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады.
Еске салайық, бұған дейін Кәрім Мәсімовтің 18 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік. Кейін ол сот үкіміне қатысты аппеляциялық шағым түсірді.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"
