Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болған – ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болған. Бұл туралы мәжіліс кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болды. Қандай бұйрық бергені туралы айта алмаймын, қазір тергеу мән-жайды анықтап жатыр", – деді Асқар Әмірханов.
Әмірханов күзге қарай ҰҚК басшыларының сотына қатысты ақпарат белгілі болуы мүмкін екенін айтты. Ал сот отырысының ашық немесе жабық өтуін сот органдары шешеді екен.
Айта кетейік, бұған дейін Асқар Әмірханов Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеген еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған