AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самат Әбішті ұстау туралы ордер беріліпті деген әңгіме бар": Мәжіліс депутаты Назарбаевтың референдумға не себепті барғанын айтты

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым Нартай Аралбайға сұхбат беріп, көпшіліктің көкейінде жүрген Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстарына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым “Назарбаев әулетінің әр мүшесі БАӘ-ң азаматтығын алу үшін 1 миллиард доллардан төлепті деген ақпарат рас па?” деген сұраққа жауап берді. 

“Жоқ, Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайда бір миллиард доллардың мүлкін иеленіп отыр деген ақпарат болды. Мүмкін, олардың біразы азаматтық да алған шығар. Бізде пысықайлар бар ғой, миллиардерлерге қызмет ететін. Сол жақтағы үйлеріне қарауыл болады, елге келген кезде теңізге апарады. Мүмкін сондай азаматтар шығар азаматтық алған. Негізінде тұңғыш президенттің отбасы мүшелерінің біразы сонда деп айта аламын”, – дейді ол. 

Сондай-ақ саясаткер Тұңғыш Президенттің ең жақын туыстарына қарсы қылмыстық іс қозғалмаса да, неге елден кеткенін айтты. 

“Сатыбалды мен Шәріпбаевтың әңгімесі бар. Естуімше, Самат Әбішті ұстау туралы ордер беріліпті деген сыбыс бар. Осы секілді нәрселер, әрине, адамға ұнамайды ғой. Бір-екі туысың мына жақта қылмысты болып түрмеде отырса, мүліктері қайтарылып жатса дегендей. Мысалы, кеше Шәріпбаевтың “Фотохимия” зауыты тартып алынып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Сатыбалдыдан “Қазақтелеком” басқа да мүліктері тартып алынды. Олар да ағаларымыздың басына туған күн бізге төнбей ме деп ойланады ғой”, – дейді Айдос Сарым. 

Бұнымен қоса мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Назарбаевтың неге референдумға барып дауыс бергенін айтты. 

“Назарбаевқа қатысты көзқарасымыз әртүрлі болуы мүмкін. Бәлкім ол кісінің қиянаты да, қателігі де басқасы да бар шығар. Бірақ мемлекетке жаны ашитыны анық. Ол кісіге қандай ақпарат барып жатқанын білмейміз ғой. Осы күндері біраз адамдар туралы айтылып жүр. Мүмкін солардың фактілері барған шығар”, – дейді Айдос Сарым. 

Саясаттанушы тұңғыш президент туралы заң күшін жойылып, ол қатардағы қарапайым экс-президент қана екенін айта кетті. Сөзінше, бұл конституциялық өзгерістер 30-40 жыл мызғымай тұруы керек.  

“Әрине, Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституциядан Елбасы деген мәртебесі мен өзіне қатысты заңдардың алынып тасталғаны жүрегіне бататын шығар. Бірақ біреуге ұнасын, ұнамасын біз сөз айтайын. Назарбаев – Қазақстан тарихының мызғымас бір бөлігі. Айналып келгенде, осы мемлекет қалатын болса бәрібір оның аты аталады. Бәлкім 20-30 жыл өткеннен кейін жаңа буын дәулет құрған кезде басқаша көзқарас болатын шығар. Саясат дегеніміз, біз ойлағандай ақ пен қараның қақтығысы емес, әрқашан түрлі-түсті болады. Ол мемлекет құрушы ретінде қалай да болсын тарихта қалады”, – дейді ол. 

Сонымен қатар қазір Дубайда Қазақстанның бірнеше миллиардерінің тығылып жатқанын айтты. Сондай-ақ саяси партия құрамын деп амбиция танытып жатқан адамдардың бәрін қарап шыққанын, олардың 95 пайызының бағдарламасы таза популизмнен тұратынын мәлімдеді. 

“Ананы қырамыз, мынаны жоямыз, жемқорлардың көзін құртамыз деген сияқты. Ал экономикалық өзгеріс, әлеуметтік реформа, бағаны ұстап тұру, мұнайды сату деген мәселелер қайда? Мұндай жағдайларды айтпайды. Мен мынадан қорқамын. Гитлер де билікке демократиялық жолмен келген. Демократия деген тек қана жақсы жақтардан тұрмайды, оның ішінде қауіпті тұсы да болады. Қазір Дубайда біздің бірнеше миллиардеріміз тығылып жатыр. Бірнеше отбасының мүшелері бар. Ертең олар “қойшы, өмір бақи Қазақстанды ұмыттық, бешбармақ жемей-ақ қояйық, керек болса ұшақпен алғызамыз” деп мәңгі бақи отырмайды. Елге келгісі келеді. Байқасаңыз қазақтың байлары байыған кезде ақшаларын шашқысы келіп тұрады. Мешіт салу керек, той өткізу керек деген секілді. Туған-туыстың алдында байлығын көрсетіп, шашпаса өздерін біртүрлі сезінеді. Қайтқысы келгендіктен оның жолын іздейді. Өткенде мемлекеттік төңкеріс болғанда реті болмады. Енді құрылып жатқан партиялардың қатарына қосылып, ертең парламентті алайық. Сөйтіп бұрынғы дәулетімізді қайтарайық деп еңбектене ме деп қорқамын. Бұнымен қатар қоғамның сыни көзқарасы, сыни ойлау-пікірі қалыптаспаған жағдайда популистер мен радикалдардың ойыншығына айналып кете ме деген ой болады”, – дейді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр