Көрсеткіш бұрмаланған: "Казсушардың" бес басшысы жауапкершілкке тартылды
Жоғары аудиторлық палатаны тексеру барысында "Казсушардың” бес басшысы жауапкершілкке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олар заңбұзушылық жасаған.
"Заңнаманы бұзуға жол берген "Қазсушардың" бес басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексерулер аяқталған кезде "Қазсушар" бас директоры лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жобаларды іске асыру бөлімінің бастығы, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің бастығы, Жетісу облысы бойынша филиалдың директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.
2023 жылдың тамызында ҚР жоғары аудиторлық палатасы "Қазсушар" РМК Қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудитті аяқтап, Қаржы-шаруашылық қызметінде тиімсіз басқаруды анықтады.
Мемлекеттік аудиторлар жобалық менеджменттің қателігі мен су тұтынушыларының қолда бар қарыздары тұрақсыз қаржылай жағдайға алып келді деген қорытындыға келді.
"Қазсушар" РМК-ның 98%-ға тең қаржылық тұрақтылығы іс жүзінде ойдан шығарылған. Себебі бұл көрсеткіш табыс әкелмейтін және өндірісті дамытуға жұмыс істемейтін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (18,9 млрд теңге) бос ақша қаражатының қалдығы есебінен бұрмаланған. Аталған қаражат 2018 жылдан бастап шоттарда жинақталып келеді және азайғаны білінбейді", – деп хабарлады жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.