Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қараусыз қалған: Астанада балабақшадан шығып кеткен бүлдіршін өзенге батып кете жаздады

Астанада балабақшадан жалғыз өзі шығып кеткен екі жасар бала өзенге батып кете жаздады.

Қараусыз: Астанада балабақшадан шығып кеткен бүлдіршін өзенге батып кете жаздады

Бұл туралы elorda.info хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз осы балабақша туралы деректерді тексердік. Бұл жеке мекеменің еш жерде тіркелмегені белгілі болды», – деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Оның айтуынша, ата-аналар балаға жеке балабақша таңдағанда, мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашу туралы лицензияның болуын тексеруі керек.

17 сәуірде болған жағдайдың арты оқыс оқиға айналып кетуі мүмкін еді. Абырой болғанда, сол уақытта өзенді бақылап тұрған құтқарушы Есіл өзенінің қарсы бетінен судағы баланы көріп қалған. Құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, суда тұншығып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып үлгерген.

Кейін екі жасар баланың серуендеу кезінде мұздың астына құлап кеткені белгілі болды. Мұзды суға тоңып қалған сәби бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз:

Бетінен ұр: Астанада әкесі ұлын оқушылармен төбелесуге мәжбүрледі

Ақтөбеде сабақ үстінде болған өлім: Дәрігерлер 11-жастағы оқушының неден қайтыс болғанын хабарлады

Тапа-тал түсте жасалған ұрлық: Астанада ешкімнен қымсынбаған жігіт бейтаныс әйелді тонап кетті

 

Талқылау