Соңғы жаңалықтар

Тапа-тал түсте жасалған ұрлық: Астанада ешкімнен қымсынбаған жігіт бейтаныс әйелді тонап кетті

Астана полициясы тапа-тал түсте әйелді тонап кеткен ұрыны іздеуде. Бұл туралы Астана қаласы ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тапа-тал түсте жасалған ұрлық: Астанада ешкімнен қымсынбаған жігіт бейтаныс әйелді тонап кетті

«Астана полициясы Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы ғимаратта сағат 17.00 шамасында зорлық-зомбылық көрсетіп ақша ұрлап кеткен қылмыскерді анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізеді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ішкі істер департаменті атап өткендей, осы қылмысты жасаған күдікті шамамен 25-30 жастағы, бойы 160-165 сантиметр болатын, орта денелі жігіт. Сондай-ақ, оның үстінде көк түсті күртеше, қара шалбар, қара-сұр түсті бас киім мен бетінде медициналық маска болған.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті қылмыскерді анықтап, қолға түсіру үшін азаматтардан көмек көрсетуді сұрайды. Сондай-ақ, құқық қорғау орғандары кез-келген ақпарат болса 8 (87172) 71-66-40, 38-28-08, ұялы телефон: 87011880462 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Тағы оқыңыз:

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Сағадиев мұғалімдерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Елімізде ҰБТ қарсаңында «тест саудасы» қызып жатыр

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр