Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаскелеңде сот аумағынан қашып кеткен күдікті ұсталды: Ол қыз зорлады деп айыпталған

Алматы облысында сот аумағынан қашып кеткен қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Ақши ауылында 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдікті ұсталды.

Іздестіру шаралары басталған сәттен облыстың полициясы және Ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылды. Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарын жүргізген.


Қаскелеңде күдіктінің қашып кетуіне қатысты полицейлердің үстінен іс қозғалды


"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қаскелеңде бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам Қарасай аудандық мамандандырылған сот аумағынан қашып кеткен еді. 

Талқылау