"Қарапайым киіну, дұғасыз ғибадатханаларға кірмеу": Бали туристер үшін ережелерді қатаңдатты
Бали губернаторы Ваян Костер Аралға келген барлық шетелдік туристер үшін күшіне енетін жаңа ережелерге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тhe Bali Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Губернатордың айтуынша, нормаларды қайта қарау қажеттілігі соңғы бір жарым жылда байқалған елдегі өзгерістер мен мәселелерге байланысты туындады. Бали билігі жаңа ережелердің сақталуын қатаң қадағалауға ниетті. Сонымен қатар оларды бақылау үшін арнайы команда құрды. Құқық бұзушыларды қатаң шаралар күтіп тұр.
Туристер енді:
- ғибадатханаларға, діни рәміздерге және қасиетті заттарға құрметпен қарауға;
- жергілікті дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және мәдениетті сақтауға міндетті.
Сонымен қатар, көрікті жерлерге тек лицензиясы бар гидпен барып, валютаны тек Индонезия банкі мақұлдаған ресми пункттерде айырбастауы керек. Тек лицензияланған қонақүйлерде тұрып, ресми көлікті пайдалануы қажет.
Одан бөлек діни орындар мен қоғамдық аймақтарда қарапайым және орынды киім киіп жүруі шарт.
Тыйым салынған әрекеттер:
- Турист Балидің дәстүрлі киімінсіз, дұға ету мақсатынсыз қасиетті ғибадатханалардың аймақтарына кіре алмайды;
- діни орындарда қасиетті ағаштарға өрмелеу және орынсыз мінез-құлық көрсетуге болмайды;
- қоршаған ортаның ластамауы керек;
- ресми рұқсатсыз жұмыс істеу және бизнес жүргізу;
- флора, фауна және мәдени артефактілердің заңсыз саудалауға тыйым салынды.
Губернатор Костер барлық туристер жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеуі керек екенін атап өтті. Билік әсіресе 2025 жылдың 29 наурызында өтетін қасиетті Ниепи үнсіздік күні қарсаңында белгіленген нормаларды сақтауға шақырады.