Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантиннен кейін де жұмыс істеуіне шектеу қойылған қазақстандықтар 42500 теңге ала ма: Министрлік жауап берді

Карантиннен кейін де жұмыс істеуіне шектеу қойылған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтып берді. Оның сөзінше қазіргі таңда карантин біткеннен кейін де жұмысы тоқтатылған нысандардың қызметкерлерінің мәселесі қаралып жатыр. Алдағы уақытта оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі мүмкін.

"Қазіргі таңда карантин аяқталғанымен, кейбір нысандардың жұмысы тоқтатылды. Ол нысандардың қызметкерлердің мәселесіне қатысты қолдау білдіру бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен экономика министрлігі жұмыс жүргізіп отыр. Олардың мәселесі алдағы уақытта шешілетін болады", - дейді Шапкенов.

Сонымен қатар, Шапкенов карантин кезінде еліміздегі жұмыссыздар саны не себепті өсіп кеткені туралы айтты.

"Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығына ай сайын 60 мың адам жүгінеді. Солардың араларында мониторинг жүргізген кезде жұмыссыздық 8 пайызға өскенін айттық. Бұлардың басым көпшілігі пандемияның әсерінен жұмыссыз қалған. Біз оларды уақытша ғана жұмыспен қамтамассыз еттік", - дейді ол. 


Талқылау