"Карантин шараларын қайта күшейтеміз": Алматы әкімі қалалықтардың бейқамдылығына күйінді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Егер эпидемиологиялық ахуал нашарлайтын болса, қала қайтадан карантинге жабылуы әбден мүмкін. Мен алматылықтарға алғыс айтамын. 2 ай шыдап үйде отырғандары үшін. Наурыздың соңында қалада 35 мың ғана көлік жүрген. Ал карантинге дейін мұнда 500 мың қала тұрғынының, 250 мың облыс тұрғынының көлігі қалада жүретін. Бірақ 2 айда шыдам деген бітті. Төтенше жағдай режимі алынған соң бәрі сыртқа шықты. Қарасаңыз, әр облыста коронавирус көрсеткіші артып келеді. Егер олай болатын болса, қатаң карантин режимі қайтарылады", - дейді Сағынтаев.
Бұған қоса ол Алматыға Қытайдан дәрігерлер келгенін атап өтіп, алматылықтардың бейқамдылығына наразылық білдірді.
"Ал қазір қанша? 2353 адам. Ал ресбулика бойынша 9 мыңна насты. Егер, далаға шығуға рұқсат берілсе, онда тек маскамен шығу керек. Қашықтық сақтау керек. Ал бізде қалай? Бір-бірін ауызашарға шақырып, суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр", - деп қосты қала әкімі.
Бұған дейін Сағынтаев Алматыда 150 коронавирус ошағы бар екенін айтып өткен еді.