AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина не себепті Түркияда жарты жыл тұрып келгенін түсіндірді

Қарақат Әбілдина карантин уақытында отбасымен түрік елінде тұрып келді. Бір кездері әнші отбасымен өзге елге көшіп кетті деген ақпараттар тарағаны белгілі. Көпшілік жұлдызды шаңырақтың бұл әрекетін құптамады. Әнші жарты жыл уақыт не себепті өзге елді мекендегенін түсіндірді. 

Бұл туралы әнші “1001 түн” бағдарламасында айтылды. 

Қарақат Әбілдина өзіне қатысты түрлі әңгіме таратып, сауал жолдағандарға, сонымен қатар көрерменге өзі жауап берді. Әнші бірнеше уақыттан бері айтылып келген әңгіменің нүктесін қойды.

“Менің отбасыммен Түркияда тұрғаным рас. Жарты жылдай уақыт тұрдық. Мені қаралап, біз туралы басқаша әңгіме де айтылды. Өз жерінен айныды деп те жазды. Карантин уақытында анам өмірден озды. Өзім жүкті едім. Үш айдан соң қызым өмірге келді. Талаптарға сай үйде жаттық. Іштей күйзеліс, шер толды. Мен жылылық іздедім. Қақаған қара суық кезең еді. Жолдасыма жылы жаққа бару туралы ұсыныс айттым. Жылылық іздедім. Шерімді тарқатқым келді. Алданғым келді.

Сол тілегімді Алла қабыл етіп, Түркиядан шақырту түсті. Солай ойда-жоқта отбасыммен Түркияға кеттік. Бастапқыда он күндей боламыз деп ойлағанбыз. Бірақ балаларға, өзімізге жайлы болған соң қала бердік. Қызымның енді ғана қырқынан шыққан уақыты. Солай жарты жылдай болдық”, – деді Әбілдина. 

Айтуынша, өзге елге қоныс аудару ешқандай жоспарда жоқ. Тіпті мүмкін емес дүние. 

“Ол жаққа көшіп бару жоспарымызда жоқ. Қыдырәлі мен Қарақат басқа жаққа көшіп, Қазақстанның тыс жерде өмір сүруі тіпті мүмкін емес”, – деді әнші. 

Әнші қазір тойларға жиі шығып жүр. Алайда кей тойлардың иесіне, қонақтарына айтар назы бар. 

“Мені көбіне ұзату тойларға, мерейтойларға, тұсау кесу тойларға шақырады. Қызы еденге жата қалып билейтін, ерсі ойын көрсететін, миға симайтын жағдайларды өз басым көрген емеспін. Ондай тойда болмаппын. Бірақ кейбір жағдайлар бар. Тұсау кесу рәсімінде баланың алдына кітап, домбыра, ақша секілді заттарды қойып жатады. Ол қазақта жоқ. Ол корей ұлтынан енген. Бізде көңіл көтеру, қызық үшін осылай жасап жатады. Немесе гендер пати дейді. Үлкен кісілер жасап жатады. Жастарға жарасатын шығар, бірақ мен оны өзге елдің қызықтары деп санаймын”, – дейді әнші. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр