Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл түрде Астана әуежайына қонды
Air Astana әуе компаниясының Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан Boeing-757 ұшағы шұғыл түрде Астана әуежайына қонды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл тул компанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімденді.
Хабарланғандай, оқиға 24 наурызда орын алған.
«Бүгін әуекомпаниясының Қарағанды-Алматы бағыты бойынша КС 312 рейспен ұшып шыққан Boeing-757 ұшағы техникалық себептер бойынша Астана әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды», – делінеді хабарламада.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22:34-те штаттық тәртіп бойынша қонған.
«Экипаж қауіпсіздік жөніндегі халықаралық процедураларды сақтады. Жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылып, таңертеңгі КС 622 және 952 рейстерімен Алматыға жөнелтіледі. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінеді хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Қазақша көйлек киген қыздардың ерсі биі жұртты ашуландырды (видео)
Еліміздегі ұялы байланыс операторы қазақстандықтардан ұялы телефонын тіркеуді сұрады
Қазақстандық дарынды оқушы 50-ге жуық робот ойлап тапты
Шымкентте 6 жасар екі қызды шешінуге көндірген ер адам ұсталды