Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қарағандыда балалар алаңынан бірдей 72 пышақ табылды
Қарағанды тұрғыны Кристина Самсонова таңертең балалар алаңынан жерге қадалған бірдей 72 пышақты тауып алған.

Бұл туралы “Литер” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Бірден полиция шақырдым. Нәтижесінде жерден 72 пышақ суырып алынды. Менен жауап алынды. Тауып алғаным туралы жазбаша түрде түсіндірме жаздым. Полицейлер суық қаруды алып, кетіп қалды», – дейді әйел.
72 пышақтың әлдеқандай тылсым рәсіммен байланысты немесе әлдекімнің ойыны екендігі әзірге белгісіз.
“Бұл жерде қаншама бала ойнайды. Егер олар шөп пен гүлдердің арасынан бұл пышақтарды тауып алсағ соңы қайғылы аяқталуы мүмкін еді”, – дейді әйел.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған