Қарағандыда террорлық шабуыл жасамақ болған алты адам ұсталды
Қарағанды облысында террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болды деген радикалды топтың алты мүшесі тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов журналистермен кездесуінде айтты.

Сурет trend.az
ҰҚК басшысының хабарлауынша, Балқаш қаласындағы Гүлшат елді-мекенінде радикалды топтың жоспарлаған шабуылына тосқауыл қойылған. Олар арнайы жарылғыш заттармен төңкеріс жасамақ болған.
Ал олардың бір мүшесі кеше өз-өзін жарып жіберген болатын.
“Алты адам тұтқындалды, бір адам өз-өзін жарды. Олар салафи ағымындағылар”, – деді Жұмақанов. Сонда-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы күдіктілердің барлығы да жергілікті тұрғындар екенін атап өтті.
“Мұның Ақтөбеліктермен еш байланысы жоқ. Олардың әрқайсысыда жергілікті тұрғындар”, – деді ол.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"