Қарағандыда әскердегі сарбаз жерлесін ұрып өлтірді
Қарағанды облысы Приозерск қаласында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз ауыр соққыдан көз жұмды.

Оқиға Қорғаныс министрлігінің № 44841 бөлімінде болды. Қатардағы сарбазды казарманың артында басқа сарбаз ұрып-соққан. 19 жастағы Е.Н. Жексембайдың өлімі қатты соққыдан болғаны анықталды. Марқұм Оңтүстік Қазақстаннан шақырылған. Ол әскер қатарына осы жылдың көктемінде ғана алынған.
«Бұл оқиға біздің есеңгіретіп тастады. Бұған дейін кикілжіңді әрекеттер болған емес. Борышын өтеуші сарбазды не үшін ұрып өлтіргенін тергеу анықтайтын болады», – деп хабарлады «№ 44841 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қолбасшылылығы.
Оқиғаға күдікті ретінде Оңтүстік Қазақстан тумасы, қатардағы сарбаз ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"