Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық әйелді балаларының көзінше өлтіріп кеткен: Полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды

Қарағандыда күйеуі балаларының көзінше анасын өлтірген дерек бойынша полицейлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұған дейін полиция оқиға алдында шақырылғаны және күдіктіні ұстау кезінде де немқұрайлылық танытқаны айтылған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: әлеуметтік желіден

Қоғамда резонанс тудырған әйелдің өлімі туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов түсініктеме берді. Ол кісі өлімі болмай тұрып оқиға орнына барған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайлары белгіленеді. Қылмыстық істі тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Исмағұлов.

Айта кетсек, Қарағандыда ер адам кәмелетке толмаған балаларының көзінше бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Әйелдің бұрынғы жұбайының қолынан қаза тапқаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Серік Беркамалов жазды. 

Оның айтуынша, кісі өлтіру дерегі 25 сәуірде болған. Әйелдің 10 жылдан астам уақыт бұрын ажырасқан бұрынғы күйеуі оның әрқашан ізіне түсіп, маза бермеген. Бірнеше жыл бойы жәбірленуші полицияға жүгінгенімен әр жолы күдікті жазасыз қалып, органдарда таныстары барын айтып, мақтанған. 

"Ұлы сол күні әкесінің бәрін одан кейін өзін өлтіремін деп қорқытқанынан кейін кешке полицияға қоңырау шалып, анасын қорғамақ болған. Оның шағымынан кейін екі полиция қызметкері келіп, тіпті қауіп-қатер мен жанжалға, оның мас күйіне куә болса да ештеңе жасамаған! Әйел мен балаларды абьюзермен жалғыз қалдырып, кетіп қалған! Екі сағаттан кейін ол Гүлмираны суық қарумен пышақтап, пәтерден қашып кетті. Балалар ғажайыппен зардап шеккен жоқ, олар дереу полиция мен жедел жәрдем шақырды", - деп жазған еді Беркамалов Instagram парақшасында.

Талқылау