“Аналары психиатриялық ауруханада есепте тұрған”: Қарағандыда өлі күйінде табылған екі баланың отбасына қатысты тың ақпараттар белгілі болды
Қарағанды облысында екі бала өлі күйінде табылды. Гагаринское ауылының әкімі Асқар Әмре балалардың анасына қатысты жаңа деректермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қарағанды ауылдарының бірінде жеке үйде екі және төрт жастағы екі баланың мәйіттері табылған болатын. Олардың анасы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Әкімнің айтуынша, әйел алкогольді асыра пайдаланбаған. 2019 жылға дейін ол психиатриялық ауруханада есепте тұрған. Күдіктінің небәрі үш баласы бар, олардың кенжесі бір жасқа да толмаған.
Әйел екінші күйеуімен бірге тұрған. Екі сәбидің өлімі туралы полицияға өгей әкелері хабар берген.
Мамандар үйдің бір жасқа толмаған кенже баласын балалар үйіне алып кетті.
Еске салсақ, Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Жантүршігерлік қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып