Қарағандыдағы атыс: бір адам өліп, екі адам жарақаттанды
Қарағандыда полиция ер адамды өлтірген мергенді қылмыс жасаған соң көп ұзамай ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Полицияның мәліметінше, 31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Октябрь ауданы Бабушкин көшесіндегі үйдің ауласынан қалалық ауруханаға оқ жарақатымен үш тұрғын түскен. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.
Көкшетауда жоғалып кеткен қызға қатысты полицейлерге жауап берген куәгер өзіне қол салды
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар