Қарағандыдағы "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында жұмысшы қаза тапты
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада жұмысшы қаза тапты, деп мәлімдеді "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Костенко шахтасында оқыс оқиға орын алып, салдарынан "Углеспецмонтаж" мердігер ұйымының 1986 жылы туған қызметкері қайтыс болды. Қазіргі уақытта мемлекеттік комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тергелуде", – делінген компания мәлімдемесінде.
- Кенші үгіндінің астында қалған: Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде апат болды
- Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты
eKaraganda.kz мәліметі бойынша, "Углеспецмонтаж" ЖШС мердігер ұйымының 36 жастағы жұмысшысы басынан ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенше жан тәсілім еткен.
Марқұм жерасты тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істеген, 2 сәуірде ол Глинник механикаландырылған тізбегінің учаскесін демонтаждау және бұзу туралы бұйрық алған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі