Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенші үгіндінің астында қалған: Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде апат болды

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында апат болды. Жерасты ұңғыларының бірінде топырақ үгітіліп 57 жастағы кеншіні басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Талғат Бертагин жер астында 34 жылдан аса еңбек еткен. Наурыздың 24-і күні тәжірибелі кенші ұңғылап жатқан жердің төбесі үгітіле бастапты. Соның салдарынан жерасты жолындағы төбе тіректерінің бірі қисайып, жер опырылып түскен. Марқұм сол ауыр тіреуіштің астына бастырылып қалған.

Құтқарушылар оны аршып алғанымен, кенші тіл тартпай кеткен. Қазір апат себептері анықталып жатыр.

“Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек испекторының өкімімен арнайы тексеру жүргізу бойынша комиссия тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы, себептері арнайы тергеу-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалады”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы еңбек инспекциясының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.

Талқылау