Қарағандыда түлектерге қате толтырылған аттестат берілген
Қарағандыда түлектерге берілген аттестаттан қате табылған. Мұнда облыс атауында артық "А" әріпі қосылып кеткен. Түлектер аттестаттың қате толтырылғанына наразы, себебі құжатты жоғарғы оқу орындары қабылдамас еді дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Аттестаттағы облыс атауы "Караганадинский" деп қате жазылған. №25 мектептің түлектері қатені байқап, білім ордасына ескерткен.
Бұл жағдайдан кейін пікір білдірген қалалық білім басқармасы техникалық қатені мұғалім жібергенін мәлімдеді. Ал ата-аналардан қатаң сынға алмауын сұрады. Қате толтырылған 22 аттестатты бір күнде ауыстырып берген.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады