Қарағандыда өртке байланысты қаланың жартысы жарықсыз қалды
"Қарағанды жарық" өртіне байланысты қаланың жартысы жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандының жартысы электрмен жабдықтау жөніндегі монополист “Қарағанды жарық" ЖШС аумағындағы өрттің салдарынан жарықсыз қалған.
“Қосалқы станцияда трансформатор өртеніп кетті. Орталық бөлік электр қуатынсыз қалды", – делінген хабарламада.
Қарағанды әкімі орынбасары Рүстем Қожағапановтың айтуынша, қазір тұтынушыларды басқа желіге қайта қосу жүріп жатыр. Олар екі сағат ішінде жарық беруге уәде береді.
Трансформатордағы өрт 14:24-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
PISA-2025: Қазақстанның білім көрсеткіші ТМД және әлем елдерімен салыстырғанда қандай?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда