Қарағандыда облыстық медицина орталығына мина қойылды деген ақпарат тараған
Қарағанды облыстық медициналық орталығында мина бар деген ақпаратпен барлық төтенше жағдайлар қызметкерлері жиналған. Ғимараттан күдікті қап табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 сәуір күні сағат 09:05-те Қарағанды қалалық ІІБ оңтүстік шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мұқанов көшесіндегі облыстық медициналық орталықта дәретханадан қапта оралған зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Ол жерге Қарағанды облысының жедел кезекшілерімен барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Медициналық мекеме ғимаратынан 400-ге жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде медицина қызметкерлері, науқастар, келушілер де бар", -деп хабарлады Қарағанды облысы ДПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері табылған заттың ішінен тетікті ұялы телефонды, оған арналған зарядтағышты анықтады. Сағат 10:00-де қауіп жоқ пәрмені беріліп, медициналық орталық қазір штаттық режимде жұмыс істеуде.
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады