Қарағандыда лифтте кәмелет жасқа толмаған қызды азғындаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда лифтте 14 жастағы қызды азғындамақ болған тұрғынға "зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу" туралы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 наурызда ер адамға жасөспірімді азғындау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Полиция департаменті сараптама тағайындалғанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда наурыз айының басында 23 жастағы ер адам лифтіде 14 жастағы көрші қызға тиісіп, бетінен сүйіп, пәтерге шақырмақ болған. Сот Қарағандының оны "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша үш тәулікке қамауға алды. Алайда жәбірленуші тарап қатаң жазаны талап етті.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты