Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: Тағы бір жұмысшы көз жұмды
Қарағанды ферроқорытпа зауытының екінші жұмысшысы алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қарағандыда денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ферроқорытпа шығаратын зауыттың екінші қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.
"Қарағанды ферроқорытпа зауытының жарақат алған тағы бір қызметкері көз жұмды. 1999 жылы туған марқұмның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Жұмысшы аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен", – деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Олардың бірі кеше көз жұмған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылды.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде күйіп қалған жұмысшылар “Газельмен” ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі