Қарағандыда ер адам көшеде балалардың көзінше әйелдің шашынан сүйреп, соққының астына алған (видео)
“Немолчи.KZ” қоры саябақта әйелдің шашынан сүйреп, соққыға жыққан ер адамның видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Қарағандыда ер адам саябақта баланың көзінше әйелдің шашынан сүйреген. Полицейлер қаскөйді анықтады.
"Бүгін қала жұртшылығында мектептің жанында ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соғып, шашынан жерге сүйреп бара жатқаны түсірілген видеоны көрдім. Балалар көрді! Оқиғадан бір метр жерде бала тұрған", – делінген видеоның сипаттамасында.
Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның кім екені анықталғанын хабарлады. Оны қамауға алу жоспарланып жатыр. Толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды