Қарағандыда білім беру мекемесінің бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында білім беру мекемесінің бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бас есепші 2021 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың мамыры аралығында жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепшінің, директордың орынбасарының, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бір оқытушысына жалақысын аударып отырған.
"Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгеге тең, оның 13 миллион теңгесі өтелді", – делінген агенттік ұсынған хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді