Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бес көлікті зақымдаған мас жүргізуші беделді кәсіпкер болып шықты

Қарағандыда Lexus көлігін мінген кәсіпкер жоғары жылдамдықпен тұрғын үй ауласын кіріп, тұрақта тұрған көліктермен қақтығысты.

Қарағандыда бес көлікті зақымдаған мас жүргізуші беделді кәсіпкер болып шықты

Оқиға 20 қазанда болды. Екі адам жарақат алды. 25 жастағы ер адамның миы шайқалып, 29 жастағы әйел ауруханада әлі де ауыр халде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындардың белсенділігінің нәтижесінде іс қызу талқыға түсті. Олар бизнесменді ұстау кезін видеоға түсіріп, желіге таратты. 

Серікбол Сәрсенов ұн өндіруші компания жетекшісі. Жоғары сотының сот кабинеті базасында кәсіпкерге қатысты үкім жоқ. Ал, бизнесмен 2 айға қамауға алу шарасын бір апта бұрын алған. Алайда оқиға орнына келіп әкесін алып кетпек болған балаларына қатысты әкімшілік іс қозғалған. Үлкені 5, кішісі 3 күнге қамалды. Екі ұлы Сұлтан мен Досжан Қыдыркеш екеуі де жұмыс істемейді. Фирма тіркелген мекен-жайда тұрады. 

Ал, бизнесменді қарсылығына қарамастан патрульдік полиция көлігіне отырғызып алып кетті. 

Талқылау