Қарағандыда балабақша қызметкерінің бүлдіршінге күш көрсеткен сәті бейнежазбаға түсіп қалған
Қарағандыда тәрбиешінің көмекшісі баланың шашынан тартып, күш көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде әйелдің 3-4 жасар қыздың шашын бірнеше рет тартқаны түсірілген бейнежазба тарады. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға Майқұдықтағы №12 шағын ауданындағы "Арман" бөбекжайда болған.
"Майқұдықтағы 12-шағын ауданда орналасқан "Арман" балабақшасы. Қараңдаршы, мұғалім қыздың шашын қалай тартып жатыр! Мынаны видеодан байқаусызда көріп қалдым. Бұл қыздың ата-анасы баласын кімге тастап кеткендерін білмей жүрген шығар. Кеше бұл балабақшаға цирк келді, міне олар ондағы балаларға осылай қарайды...", - деп жазады автор.
Қарағанды қаласының білім бөлімі оқиғаның "Арман" балабақшасында болғанын растады.
"1 ақпанда "Арман" балабақшасының әкімшілігі білім бөліміне тәрбиешінің көмекшісінің балаға дөрекілік танытқаны туралы хабарлаған. Жұмыста мұндай фактілерге жол беруге болмайды. Баланың ата-анасынан кешірім сұралды", - деді білім бөлімі.
Сондай-ақ, білім бөлімі балабақшаны тексеретінін айтты.
"Балабақша директорына еңбек заңнамасы аясында еңбек шарты бұзылғанға дейін қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау ұсынылады", - деп атап өтті қалалық білім бөлімі.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
