Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда айналма жолда болған көлік апатынан бес адам қаза тапты

Қарағанды қаласында айналма тас жолда болған жол-көлік апатынан бес адам мерт болды. Облыстық полиция автокөліктер бетпе-бет соғысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Солтүстік-Шығыс айналма жолында жан түршігерлік жол апаты болды. Полиция хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарсы қозғалыс жолына шығып кеткен. Салдарынан бес адам қаза тапты. 

“Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болып, жол ережесін бұзбауға шақырады”, – деді Қарағанды қаласы полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов. 

Бұған дейін Қарағандыда базар маңында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі қылмыстық жауапқа тартылмайтынын болды деп хабарлаған едік. 

Еске сала кетейік, Қарағандыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған. Автобустың 39 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан, ал қаза болған азаматтың жасы 45-те еді. 

Талқылау