Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғындары медицина орталығының құрылысына қарсылық білдірді

Қарағандылықтар қала орталығында медициналық клиника салуға қарсы шықты. Қала халқы ескі көп қабатты үйлердің қабырғалары мен іргетасы көрші ғимараттардың құрылыс жұмыстарынан жапа шегеді деп қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме бере отырып.

карагандаСурет: Astana TV түсірілімінен скриншот

Қарағандыдағы 3 бес қабатты үйлердің тұрғындары жаңа құрылыс жұмысына қатысты наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, төрт қабатты медициналық орталық ашылғаннан кейін үйлер арасы тар болып, қозғалыстар шектеледі. 

“Біздің үйлер 1963 жылы салынған. Құрылыс жұмыстары, түрлі сілкіністерге олар төтеп бере алмайды. Қазірдің өзінде кейбір үйлер әзер тұр” – дейді қала тұрғыны.

Қарсылық білдіруші жандар жергілікті атқарушы және қадағалау органдарына жүгінген, бірақ әзірше қалаған нәтижеге қол жеткізе алар емес. 

Сонымен қатар, балаларға арналған алаңды алып тастап, сол жерді кәсіпкерлерге сатқаны халықтың жанына батады. Өйткені мемлекет үшін балалардың қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүруі маңызды болуы керек деп санайды.


Бағдат Мусин Қарағандыда жоспардан тыс тексеру жүргізді


Халықтың үндеуіне Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуат Бектемісов өз жауабын берді.

“Біз жергілікті қауымды тыңдап, шара қолданудамыз. Кәсіпкер көп қаражат жұмсағанын ескереміз, бірақ басқа нұсқаларды қарастырып, ешкімге кедергі келтірмейтін жерге көшіруді шештік. Бәрі заң аясында жүреді. Орнына жер учаскесі де беріледі” – деді Бектемісов. 

 

Талқылау