Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы колонияда сотталғандарды қорлаған видеоға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі түсініктеме берді

Желіде Қарағанды облысындағы ерекше режимдегі колонияда түсірілген видео тараған еді. Кадрлардан түрме қызметшілерінің сотталушыларды қорлап, еден жуып жарысуға мәжбүрлегенін көруге болады. Аталған жағдайға қатысты Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі басқармасының басшысы Бекболат Шәкіров жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің хабарлауынша, желіде тараған видео бұрын түсірілген.

"Бұл факт бұрын болған. Қызметтік тергеу жүргізіліп, қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы сапар қорытындысы бойынша сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді", - деді Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі басқармасының басшысы Бекболат Шәкіров.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде түрме күзетшілерінің сотталушыларды қорлап, еден жуып жарысуға мәжбүрлеген видеосы тараған еді. 

Талқылау