Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде түрме күзетшілерінің тұтқындарды қорлап, еден жуып жарысуға мәжбүрлеген видеосы тарады

Желіде Қарағанды ​​облысындағы ерекше режимдегі колонияда түсірілген видео пайда болды. Кадрларда тұтқындарды қорлап жатқанын көруге болады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

турме коллаж

Ғаламторда тарап жатқан видеода тұтқындарды қорлап, еден жуып жарысуға мәжбүрлегенін көруге болады.

Кадрлардан жартылай жалаңаш сотталғандардың еденді барынша мұқият және тез жууға тырысып жатқанын аңғару қиын емес. Ал кадр сыртынан түрме сақшыларының өктем дауыстарымен айғайлап, жекіп жатқаны естіледі.

Бұл ретте колония әкімшілігімен ынтымақтаса жұмыс істейтін басқа тұтқындардың да оларға қысым көрсететіні айтылады. Осылайша жаңадан келген тұтқындарды "тәрбиелеу" жүріп жатыр-мыс.



Stan.kz редакциясы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады. Алайда департамент өкілдері әлі жауап бермеді.

Қазақстанда тұтқындарды азаптау оқиғалары жиі қоғам назарына ілігеді. Мәселен, қыркүйек айында ғана Ақмола облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыны азаптаған видео пайда болған.

Талқылау