Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған адам көз жұмды
Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысында 75 жастағы ер адам сібір жарасының кесірінен мерт болды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, қанша шаралар қабылданғанымен, оның ауруы асқынып кеткендіктен, аман алып қалмады.
Сібір жарасын жұқтырған басқа екі науқастың жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған үш адам анықталып, ауыл карантинге жабылды.
Сібір жарасы – ауылшаруашылық саласында таралатын инфекция. Бұл адам үшін өте қауіпті, тіпті өлімге әкеледі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн