Қарағанды облысында нан магнаты жол апатынан көз жұмды
Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер, нан магнаты Петр Васильченко жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Караганда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақшатау ауылы маңында болған.
"Петр Васильченко басқарған Mercedes көлігі мен Газель соқтығысты. Алған жарақаттарынан неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Петр Васильченко Қарағандыдағы нан өнімдерін дайындайтын "Орион" компаниясының негізін салушы және басқарушысы болған.
Сонымен қатар 2022 жылы ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш нан" комбинатын сатып алған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"