Қарағанды облысында көліктің үстінде ойнауға тыйым салғаны үшін әйел көршісінің көлігіне монтаж көбігін шашып тастаған
Қарағанды облысындағы Шахан ауылында әйел зейнеткер көршісінің көлігіне монтаж көбігін шашып тастаған. Полиция мәліметінше болған жағдайдан кейін көлік иесі арыз түсіріпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Караганда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше әйелдің бұл қадамға баруына зейнеткердің баласына көліктің үстінде ойнауға тыйым салуы себеп болған.
"Бұдан кейін әйел монтаж көбігімен “Audi”-дың бояуын бүлдірді. Ал зейнеткер қарияға өзге әйелдер араша түскенде әйел барлығын балағаттай бастады", – делінген жазбада.
Желі қолданушылары жазба астында түрлі пікір қалдырды. Көпшілігі әйелдің бұл әрекетін құптамады.
"Зейнеткерге обал болған, мүлкін бүлдіргені үшін сотқа беру керек", "Мұнда ата-аналар балаларын дәл солай тәрбиелейді, қандай ұрпақ өсетінін ойлағанда қорқасың", "Көліктің үстінде ойнауға тыйым салған! Адамдарға не болып бара жатыр? Мұны қайдан ойлап тапты?" – деп жазды желі қолданушылары.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді