Қарағанды облысында карантин жеңілдейді
Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің "Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды.
"Облыста аквапарктардың қызметіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің қызметіне рұқсат етіледі, сондай-ақ азық-түлік және азық-түлік емес базарлар да іске қосылады. Сондай-ақ, сауналар мен СПА-орталықтардың жұмысына рұқсат етіледі. Демалыс күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалдарының қозғалысы қалпына келтіріледі", - делінген қаулыда.
Қаулы 20 ақпан сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған