Қарағанды облысында қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған сарбазға ескерткіш орнатылды
Қарағанды облысындағы Шахан ауылында қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған Әділ Нұркеновке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda басылымына сілтеме жасап.

"Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған сарбаздардың біріне Шахан ауылында ескерткіш қойылды. Дәл осы жерде Әділ Нұркенов туып-өскен. Келісімшарт бойынша қызмет еткен сарбаз Талдықорғанда құпия құжаттарды эвакуациялау кезінде жарақат алған", – делінген хабарламада.
Ауыл әкімі Ғалым Өмірбековтің сөзінше, ескерткіш орнату туралы идея қаңтарда туындаған. Нәтижесінде жергілікті демеуші Сапар Ибкеевтің қаржысына жоба жүзеге асырылған.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады