Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анасы отбасылы еркектен жүкті болып қалған": Қарағандыда табылған сәбиге қатысты жаңа деректер белгілі болды

Қарағандыда ер адам мен оның көңілдесі суықта сәбиді далаға тастап кеткен. Ер адам отбасы болғандықтан көңілдесінен туған баланы қаламағандықтан одан құтылудың жолын іздеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

сәби өлімі

Фото iStock

24 ақпан күні тоғыз қабатты тұрғын үйдің адамдар аса көп жүрмейтін жағындағы орындыққа белгісіз біреулер сәбиді қалдырып кеткен. Оны тұрғын Шоқан Сембаев тауып алған. 

“Көріп тұрғандарыңыздай бұл жерден тіпті сәбиді байқау екіталай еді. Оның үстіне көліктер жауып тұр”, – деді Шоқан Сембаев. 

Дегенмен бөбек 29 градустық аязда ұзақ жатпаған. Оны жұмысындағы ауысымнан келе жатып Шоқан Сембаев көріп қалған. Айғайлаған дауысты ести сала 

“Басында мысықтар төбелесіп жатқан екен деп ойладым. Сөйтіп оларды ажыратайын деп қарап едім мұндай сәби жатыр. Көк түстегі қапшықта, ақ бас киімі мен жейдесі болды. Басында шошып кеттім. Алақаныммен бетінен ұстап көріп едім. Жылы болды”,  – деді Шоқан. 

Азамат кейін бірден жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан. Сәбиді жедел түрде ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне 3 аптадай болған. 



“Іздестіру шараларының нәтижесінде 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел сәбиді қауіпті жерге тастап кетті деген күдікке ілінді. Қазір мән-жай анықталып жатыр”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілі Бақытжан Құдияров.

Ал желідегі жазбаларға сүйенсек ер адам отбасылы. Сәби көңілдесінен туған. Бірінші отбасынан кетпейтінін айтқандықтан жұп сәбиден құтылудың жрлын іздеген. 

“Сәбиді қаламадың ба, дүниеге әкелме! Дүниеге әкелдің бе, ең болмағанда сәбилер үйіне қалдырсын. Неге бұлай тастап кетеді? Дегенмен қоқыс жәшігіне апармағанына да шүкір”, – деді көршілер. 

Қазір жұп 45 күнге қамауға алынған. 

Еске салсақ, Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен сәби табылғанын хабарлаған едік.

Талқылау