Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты (видео)

Қарағанды ​​облысында екі жүк көлігі соғылып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Полицияның мәліметінше, 10 маусым күні сағат 09:59 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында екі MAN жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен бірінші жүк көлігінің үш жолаушысы (барлығы ересек адамдар) медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада. 


Көлікті оқушы басқарған: Маңғыстауда жол апатынан 2 жасөспірім көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға түсті


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Желіде жүк көліктерінің бірінде балалар болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция "көліктердің бірінде балалардың болуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын" мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Талқылау