Қарағанды облысында екі аяқты құлын туылды
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Кемтар төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Ветеринар мамандардың айтуынша бейнежазбадағы құлынның туылғанына 2-3 күн ғана болған. Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған.
Дегенмен мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін дейді. Алайда ондай жағдай мыңда бір рет қана кездеседі деп отыр.
“Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па белгісіз. Сондықтан не жағдай екенін нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ”, – дейді Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ветеринарлық бекеттің басшысы Аян Міржақыпов.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"