Қарағанды облысында дәрігерлердің коронавирус жұқтыруына байланысты емхана жабылды
Теміртау қаласының № 2 емханасында төрт қызметкерден коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы жағдайға байланысты емхана карантинге жабылды. Қазір ғимаратта дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде, тек шұғыл қабылдау кабинеті жұмыс істейді. Барлық медицина қызметкерлерінен СОVID-19-ға сынақ алынады. Карантин кезінде пациенттерді қаланың басқа емханаларына жібереді.
Бүгінгі таңда Теміртауда коронавирус жұқтырғандар саны 14 адамға жетті. Соңғы оқиға 53 жастағы ер адамнан анықталды. Ол бұрын жұқтырған пациентпен жақын байланысқандар тізіміне енген. Үй карантинінде болған.
Қарағанды облысында барлығы 78 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 1 науқас көз жұмып, 1 адам сауықты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған