Қарағанды облысында дәрігерлер екі түрлі вакцина салып жіберген бойжеткеннің жағдайы белгілі болды
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері дәрігерлер шатасып, екі түрлі вакцина салып жіберген 19 жастағы бойжеткеннің денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, қыздың денсаулығы қанағаттанарлық. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында.
“Мұндай жағдай орын алғаны рас, бірақ облыста екінші рет қайталанған жоқ. Қазір біз науқастың жағдайын қадағалап жүрміз, вакцинадан кейінгі асқыну белгілері байқалмады. Екпенің екінші дозасын алған соң да оның ағзасында жағымсыз реакция болмаған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық”, – дейді мамандар.
Ғалымдар екі вакцинаны араластырып салғызу әлдеқайда тиімдірек екенін жариялады
Еске салсақ, бұған дейін вакцинаның екінші дозасын алуға келген қарағандылық бойжеткенге басқа екпенің компонентін салып жібергені айтылған болатын. Қателікке бой алдырған медбике оқиғадан соң жұмыстан шеттетілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"