Қарағанды облысында балалар спортын дамытуға бағытталған жобаны басқарған азамат ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды
Қарағанды облысында Балалар спортын дамытуға бағытталған маңызды жобаны басқарған азамат ұсталды. Ол бассейн салуға бөлінген 130 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын өз шоттарына аударып, жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігі қазір тергеу жүргізіп жатыр.
"Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілерін жасаған. Ол жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған. Кешенді сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 миллион теңгеден астам залал келтірілген", – делінген хабарламада.
Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үйқамаққа алу" шарасын қолданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"