Қарағанды облысында автоәуесқойлар ерекше флешмоб ұйымдастырды (видео)
Қарағанды облысы Приозерск автоәуесқойлары әдеттен тыс флешмоб ұйымдастырды. 90-нан астам көлік елдегі ең үлкен көлік шыршасын құрастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан алынды
Жаңа жыл қарсаңында Приозерск қаласының автоәуесқойлары көліктерімен алып шыршаны жасады. Бастамашы және ұйымдастырушы Балқаш емдеу-сауықтыру кешені. Олар өз парақшасында @balkhash_complex керемет флешмобының видеосын жариялады.
Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал
"Қарағанды облысында мұндай көлік шыршасы алғаш рет жасалып отыр. Бұл флешмобқа 90-нан астам көлік жиналды. Автокөлік әуесқойларының осындай керемет сый жасағаны бізді таң қалдырды. Бұл қаламыздың бірлігін көрсетеді", - деді ұйымдастырушылар.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар