Қарағанды облысында аналары қыздарын зейнеткерге жыныстық құлдыққа сатқан
Ішкі істер министрлігі "STOP-трафик" операциясы барысында адам саудасына қатысты 40 қылмыс анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Полиция адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты қылмыстарды әшкереледі.
Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 60 жастағы ер адам ұсталды. Ол ақшалай сыйақы үшін жас қыздардың аналарымен оларға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді одан әрі жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында келісімдер жасаған.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі “Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және ҚК-нің 135-бабы “Кәмелетке толмағандар саудасы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – делінген хабарламада.
-
Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие бойынша жаңа пән енгізу ұсынылды
-
Жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген: Қостанайда 20 жыл бұрынғы қылмыстың беті ашылды
Шымкент қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Олар ұзақ уақыт бойы 18 бен 23 жас аралығындағы қала тұрғындарын жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік фотолармен бопсалап отырған.
"Көрсетілген фактілер бойынша ҚК-нің “Жезөкшелікпен айналысуға тарту” және "Жеңгетайлық” бабына сәйкес, екі қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді полицейлер.
Сондай-ақ Алматы қаласында полиция қызметкерлерімен "боди-массаж" салондарын ұйымдастырған жеті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жеңгетайлық фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 ж.т. және 2006 ж.т. екі тұрғыны ұсталды. Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан.
"Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту айыбы тағылды. Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.
Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен өткен жылдың желтоқсан айында облыстың екі тұрғынын шаруа қожалықтарында пайдалану үшін сатқан Аягөз қаласының тұрғыны анықталды.
Еске салсақ, Қазақстандық қыз Камбоджада құлдыққа түсіп, түрмеге қамалғанын жазғанбыз.